Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасының

"Жамбыл политехникалық жоғары колледжі" МКҚК

A- A A+

ГККП "Жамбылский политехнический высший колледж"

управления образования акимата Жамбылской области

Колледж миссиясы: Қоғамның және экономиканың индустриалды-инновациялық дамуының сұраныстарына сәйкес жоғары білімді, бәсекеге қабілетті, құзыретті, кәсіби кадрларды дайындау. Мақсаты: Қоғамның және экономиканың индустриалды-инновациялық дамуының сұраныстарына сәйкес инновациялық тәсілдерді қолдану жолымен білім сапасының жоғары деңгейіне жету.

Шетелде біліктілікті арттыру курсынан өткен оқытушылар.

16.02.2018ж. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Техникалық және кәсіптік білім департаментінің ұйымдастыруымен Финляндия, Малайзия, Чехия, мемлекеттерінде 2017 жылғы қараша және желтоқсан аралығында   колледж оқытушылары 1 айлық біліктілік арттыру курстарынан өтіп келді.  Бұл бәсекеге қабілетті кадрларды дайындауда, шетелдің озық тәжірибесін меңгеру үшін педагогика саласындағы қызметкерлерге жасалған зор мүмкіндік.  Колледждердің педагог кадрлардың шетелде алған озық тәжірибесін өңірлерде тарату мақсатында 2018 жылғы 1 ақпан және 31 мамыр аралығында өткізілетін іс-шаралар жоспарына сәйкес «Халықаралық біліктілікті арттыру курсынан өткен оқытушылардың  кәсіби  қызметіндегі өзгерістер, іс-тәжірибелер және жаңашылдық» атты семинар ұйымдастырылды. Семинардың  мақсаты: халықаралық біліктілікті арттыру курсынан өткен оқытушылардың білім беру үрдісіндегі оқытудың  жаңашылдылығымен өзара тәжірибесімен алмасу,  оқу үрдісінде сапалы білім берудің әртүрлі әдістері мен түрлерін зерделеу және жаңашыл тұрғыдан игеру, ой бөлісу және озық тәжірибелерін өңірлерде тарату.