Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасының

"Жамбыл политехникалық жоғары колледжі" МКҚК

A- A A+

ГККП "Жамбылский политехнический высший колледж"

управления образования акимата Жамбылской области

Колледж миссиясы: Қоғамның және экономиканың индустриалды-инновациялық дамуының сұраныстарына сәйкес жоғары білімді, бәсекеге қабілетті, құзыретті, кәсіби кадрларды дайындау. Мақсаты: Қоғамның және экономиканың индустриалды-инновациялық дамуының сұраныстарына сәйкес инновациялық тәсілдерді қолдану жолымен білім сапасының жоғары деңгейіне жету.

Әдістемелік жұмыс

    Қазақстан Республикасының заңнамасына және  білім беру ұйымы  жарғысына сәйкес оқу орнының ғылыми-әдістемелік жұмысын басқару. Білім беру ұйымының ғылыми және оқу-әдістемелік жұмысын ұйымдастырады және жоспарлайды. Білім беру ұйымының әдістемелік ұсынымдарын әзірлеу, пәндік (циклдік) әдістемелік комиссия, ғылыми  және –оқу-әдістемелік жұмысы жөнінде есептік құжатты дайындау жөніндегі кафедралардың жұмыстарын ұйымдастыру мәселесін үйлестіру болып табылады.

Оқу-әдістемелік жұмысты ағымдағы және перспективалық жоспарлауды ұйымдастырады, оқу-әдістемелік құжаттар мен құралдарды әзірлейді, сонымен қатар циклдік комисcияның жұмысын жоспарлау мәселелері бойынша әдістемелік ұсыныстарды дайындайды. Оқу-әдістемелік құжаттаманы дайындау бойынша циклдік комиссияның жұмысын ұйымдастырады және бақылайды. Білім беру процесін жетілдіру бойынша ұсыныстарды енгізеді.

        Оқу кабинеттерді, зертханаларды, шеберханаларды қазіргі жабдықтармен, көрнекі құралдармен және оқудың техникалық құралдарымен жарақтау, кітапханаларды оқу-әдістемелік және көркем әдебиеттермен, баспасөз басылымдарымен толықтыру жөніндегі жұмыстарды қамтамасыз ету бойынша жұмыстарда жәрдем көрсетеді.  Семинар, конференцияларды дайындау мен өткізуді ұйымдастыруға қатысады.

Оқу орнының оқу-әдістемелік жұмысын ұйымдастырады және талдайды. Озық педагогикалық тәжірибелерді анықтау, жалпылау және енгізу бойынша оқу орнының әдістемелік және циклдік комиссиясы жұмысын үйлестіреді. Оқу - әдістемелік құжаттаманы дайындау жұмысын бақылайды, жұмыс оқу-жоспар құжаттамасын құруға қатысады.

 

         Оқу орнының әдістемелік, пәндік және циклдық комиссиясының жұмысына басшылық жасайды. Озық педагогикалық тәжірибелерді анықтайды және қорытындылайды, оқытудың инновациялық-дамытушылық элементтерін, үздік жанашыл педагогтардың жұмыс тәжірибелерін практикаға енгізуге, авторлық бағдарламалар, оқулықтар мен оқу-әдістемелік әдебиеттер әзірлеуге жәрдемдеседі. Басылымдарды дайындауда баспалармен жұмысты ұйымдастырады. Білім процестері мен әдістемелік жұмыстардың тиімділігін арттыру жөнінде       ұсыныстар әзірлейді. Оқытушылардың біліктілігін көтеру мен қайта даярлау курстарын өткізу және дайындау, аттестаттау бойынша жұмыстарды ұйымдастыру, семинарлар, конференцияларды дайындау мен өткізу жұмыстарына қатысады. Ашық сабақтар өткізу, сабақтарға өзара қатысу және оларды талқылау бойынша әдістемелік бірлестіктің жұмысын үйлестіреді. Оқу-әдістемелік жұмысты ұйымдастыруда оқытушылар мен жас мамандарға кеңес береді. Әдістемелік кабинетті жабдықтармен, көрнекі құралдармен жабдықтау жұмыстарын ұйымдастырады. Оқытушылардың сабағына қатысып, толық талдау жасайды және педагогтың кәсіби деңгейінің сәйкестігіне  баға береді. Шеберханаларда және өндірісте санитариялық-гигиена режимдері, еңбекті қорғау, техника қауіпсіздігі ережелерін сақтау бойынша жұмысты ұйымдастырады. Белгіленген есепті құжаттамаларды уақытылы дайындауды қамтамасыз етеді.