Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасының

"Жамбыл политехникалық жоғары колледжі" МКҚК

A- A A+

ГККП "Жамбылский политехнический высший колледж"

управления образования акимата Жамбылской области

Колледж миссиясы: Қоғамның және экономиканың индустриалды-инновациялық дамуының сұраныстарына сәйкес жоғары білімді, бәсекеге қабілетті, құзыретті, кәсіби кадрларды дайындау. Мақсаты: Қоғамның және экономиканың индустриалды-инновациялық дамуының сұраныстарына сәйкес инновациялық тәсілдерді қолдану жолымен білім сапасының жоғары деңгейіне жету.

Жамбыл политехникалық колледжі

Тарихы 1954 жылдан басталатын Жамбыл политехникалық колледжінде 60 жылдан астам уақыт ішінде өндірістік кәсіпорындарға қажетті техникалық мамандықтар бойынша 20 мыңдай кадрлар даярланды.

2015-2016 оқу жылы оқу орнында «Химиялық технология және өндіріс»,   «Мұнай мен газды қайта өңдеу технологиясы», «Электрмен қамтамасыз ету», «Жылу техникалық жабдық және жылумен қамтамасыз ету жүйелері», «Электромеханикалық құралдарды техникалық пайдалану, қызмет көрсету және жөндеу», «Механикалық өңдеу, бақылау-өлшеу аспаптары және машина жасаудағы автоматика», «Өнеркәсіп машиналары мен жабдықтарын пайдалану», «Автокөліктерге техникалық қызмет көрсету, жөндеу және пайдалану», «Автоматтандыру және басқару», «Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыздандыру», «Ақпараттық жүйелер қолданылу», «Радиоэлектроника және байланыс»,«Ғимараттар мен құрылыстарды салу және пайдалану»,  «Автомобиль жолдары мен аэродромдар құрылысы», «Жерге орналастыру», «Құқықтану», «Сәулет», «Сәндік-қолданбалы өнер және халықтық кәсіпшілік», «Есеп және аудит», «Пайдалы қазбалардың кен орындарын жер астында өңдеу», «Мұнай мен газды тасымалдау және сақтау», «Мұнай және газ кен орындарын пайдалану», «Полимер өндірісінің технологиясы»мамандықтары бойынша күндізгі және сырттай оқыту бөлімдерінде2549 студент  білім алуда. Мемлекеттік білімберу тапсырысы негізінде - 1662, оның ішінде республикалық бюджет бойынша - 299, жергілікті бюджетте – 1303студент  (оның ішінде 60 – сырттай бөлімде) оқытылуда. Жетім балалар және қамқорлықта тәрбиеленетін студенттер саны - 55. Қызметкерлердің жалпы саны  434, оның ішінде оқытушылар -212, өндірістік оқыту шеберлері-11.Жоғары және бірінші санатты оқытушылардың үлесі 43%  (92 адам) құрайды. Мамандар даярлауға қосқан үлесі үшін «Ерен еңбегі үшін» медальмен – 1, «Ы.Алтынсарин» белгісімен – 2,  «ҚР білім беру ісінің үздігі» -2, Білім беру ісінің құрметті қызметкері – 4 оқытушы марапатталса, екі оқытушы «Үздік педагог -2012, 2013» республикалық байқауының  жеңімпаздары. 

2012 жылдан бері оқу орнын педагогика ғылымдарының кандидаты Орынбаева Жанар Рымбекқызы басқарады.

Білім беру қызметтері Қазақстан Республикасы жалпыға міндетті білім беру стандарттарының талаптарына сәйкес жүргізіледі. Материалдық-техникалық база республикалық және облыстық бюджет қаражаты есебінен жыл сайын жаңартылады. Халықаралық жобаларды жүзеге асыруға белсене қатысу арқылы оқытушылардың кәсіби шеберліктері артып, мамандар даярлау сапасы жақсарып келеді.

2012 жылы ҚР БҒМ (Холдинг Кәсіпқор) және Наньянг Политехник (Сингапур) арасында өзара түсінісу жөніндегі Меморандум аясында колледж оқытушылары біліктіліктерін көтерді.

2013 жылдан бастап колледж  Халықтық білім Министрлігі (MoNE), Түркияның Ынтымақтастық және Үйлестіру Агенттігі (TIKA) және Жапонияның Халықаралық Ынтымақтастық Агенттігі (JICA) ұйымдастырған өнеркәсіп технологиясын автоматтандыру жобасын жүзеге асыруға қатысуда.
Осы жылы колледж «Техникалық және кәсіби білім беруді жаңғырту» жобасы аясында Дүниежүзілік Банк Заемдарының қолдауымен 57 млн.тг. грант ұтып алып,

«Өнеркәсіптегі механоөңдеу, бақылау - өлшеуіш аспаптары және автоматикасы»  мамандығының оқу базасы толығымен жаңартылды. Материалдық техникалық базаның нығаюына 2013-2014 жылдары республикалық бюджет есебінен 50 млн.тг. қаражат бөлінді.

Қазақстан Республикасында білім және ғылымды дамыту мемлекеттік бағдарламасы аясында колледж дуалдік және электрондық оқыту бойынша республикалық ғылыми-әдістемелік орталықтың эксперименттік алаңы болып табылады.

Дуальдік оқыту жүйесі бойынша 25 оқытушы - Германия, Сингапур, Финляндия, Туркия, Ұлыбритания, Франция мемлекеттерінде біліктіліктерін арттырды. Алғашқы жылдары техникалық мамандықтарға дуальдік оқытудың элементтері ғана енгізілсе, ал 2013-2014  оқу жылынан бастап «Автокөліктерге техникалық қызмет көрсету, жөндеу және пайдалану», «Химиялық технология және өндіріс», «Өнеркәсіптегі механоөңдеу, бақылау - өлшеуіш аспаптары және автоматикасы», «Электрлік және электромеханикалық жабдықты техникалық пайдалану, қызмет көрсету және жөндеу», «Өнеркәсіп машиналары және жабдықтарын пайдалану» мамандықтары бойынша білім беру қызметтері толығымен дуальдік оқыту моделімен жүргізіледі. Материалдық – техникалық базаның жаңа өндірістік жабдықтармен жасақталуы  дуальдік оқытуды колледж базасында 2 курстан бастап өткізуге мүмкіндік беруде.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Біліктілікті арттыру мен қайта даярлаудың оқу орталықтарын өндірістік кәсіпорындар жанынан құруды және олардың ЖОО-лар мен колледждердің мамандар даярлауына қатысуын көздейтін дуальды білім беру жүйесінің жол картасын бекіту туралы» Қаулысы негізінде «Қазфосфат» ЖШС  базасында өндірістік алаң  ашылды.    

2014 жылы колледжді дуальдік оқыту бойынша  бітірген 169 түлектің 123-і (72%)  жұмыспен қамтылды.  2015 жылы 5 мамандық бойынша дуальдік оқыту негізінде  колледжді  аяқтаған 268 түлектің  79% (212 түлек) жұмысқа орналасты.

2015-2016 оқу жылынан бастап Ұлттық кәсіпкерлер палатасының ұсынысына сәйкес 2015-2017 жылдары «Кәсіпорындарда дуальдік оқытуды ұйымдастыру» халықаралық жобасын «Электромеханикалық құралдарды техникалық пайдалану, қызмет көрсету және жөндеу» мамандығы бойынша жүзеге асырылады. Жоба аясында облыс әкімдігінің  білім басқармасы, Жамбыл облысының  кәсіпкерлер палатасы, Жамбыл политехникалық колледжі және «Казфосфат», «Жамбылэлектржелілері», «Энерджи-Тараз», «ТаразҚұрылысДизайн», «Жамбылгипс», «Таразэнергоорталығы», «Жамбыл ГРЭС»  ЖШС- тері арасында 4-жақты келісім-шарттар жасалып, оқу жылы ішінде аталған өндіріс орындарында 3-курстың  24 студенті тәлімгерлердің көмегімен өндірістік оқытудан өтуде.  Жобаны табысты аяқтау кәсіпорындармен бірлесе өндірістік оқыту жүйесін құруға мүмкіндік береді. Нәтижесінде түлектерге қорытынды аттестаттаудан кейін 2017 жылдың маусым айында Германия мемлекетінің Трир қаласының Кәсіптік палатасының дипломы тапсырылады.

Елбасымыз Н.Назарбаевтың «100 нақты қадам» Ұлт жоспарының 77-ші қадамында экономиканың алты негізгі саласы үшін 10 алдыңғы қатарлы колледж және 10 жоғарғы оқу орнында білікті кадрларды әзірлеу, кейіннен бұл тәжірибені еліміздің басқа оқу орындарына тарату белгіленді.

Осы мақсатта ҚР Білім және ғылым министрлігі және «Кәсіпқор» Холдингі жүргізген іріктеу негізінде еліміздің 811 колледждері ішінен таңдалған 10 колледждің қатарына Жамбыл политехникалық колледжі еніп, «Холдинг «Кәсіпқор» пен колледж арасында келісім-шарт жасалды. Серіктес мемлекеттік колледждер желісінде оқу орнынын алдына бәсекеге қабілетті кадрлар даярлау, бизнесті білім беру процесіне тарту, жинақталған озық тәжірибені каскадтық трансляциялау арқылы тарату міндеттері қойылды. Өңіріміздің басым салалары – ұлттық химиялық кластер кәсіпорындарына қажетті «Химиялық технология және өндіріс», «Үйлер мен ғимараттарды салу және пайдалану» мамандықтары бойынша оқу үрдісі австралиялық модульдік бағдарламалар негізінде жүргізіліп,  жаңа білім беру моделі енгізіледі және техникалық кадрлар даярлаудың жаңа инфрақұрылымы қалыптасатын болады.

Аталған мамандықтардың материалдық – техникалық базасы нығайтылып, менеджерлер, арнайы пәндер оқытушылары, өндірістік оқыту шеберлері 3 деңгейлі дайындық курстарында біліктіліктерін арттырады.

2015 жылы желтоқсан айында Жамбыл политехникалық колледжі  институционалдық және мамандандырылған аккредиттеуден табысты өтті. 2016 жылы 30 қаңтарда білім беру сапасын қамсыздандыру тәуелсіз қазақстандық агенттігі (ҚТБСҚА) атқарылған жұмыстардың қорытындысы бойынша 5 жыл мерзімге Жамбыл политехникалық колледжін аккредиттеу туралы шешім қабылдап, куәлік берілді.

Оқу орны ғимаратын күрделі жөндеуге облыстық бюджеттен 100млн.теңге бөлінді. Қазіргі таңда  жылдан бастап жүзеге асырылатын «Баршаға арналған тегін кәсіптік-техникалық білім» жобасына қатысу мақсатында жұмысшы мамандықтарды даярлау үшін лицензия алу жұмыстары жүргізілуде.