Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасының

"Жамбыл политехникалық жоғары колледжі" МКҚК

A- A A+

ГККП "Жамбылский политехнический высший колледж"

управления образования акимата Жамбылской области

Колледж миссиясы: Қоғамның және экономиканың индустриалды-инновациялық дамуының сұраныстарына сәйкес жоғары білімді, бәсекеге қабілетті, құзыретті, кәсіби кадрларды дайындау. Мақсаты: Қоғамның және экономиканың индустриалды-инновациялық дамуының сұраныстарына сәйкес инновациялық тәсілдерді қолдану жолымен білім сапасының жоғары деңгейіне жету.

Үздік колледж

Мамандар дайындаудың жаңа моделі 

            Елбасымыз Н.Назарбаевтың 5 институттық реформаны жүзеге асыруға бағытталған 100 нақты қадамының 77 қадамында  экономиканың алты негізгі саласы үшін он алдыңғы қатарлы колледж бен он жоғары оқу орнында білікті кадрларды әзірлеу, кейіннен бұл тәжірибені еліміздің басқа оқу орындарына тарату белгіленген.

 Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігінің ұйымдастыруымен Қазақстанда қәсіби және техникалық білім беру мекемелерінің үздіктер жүйесін құру және дамыту мақсатында «Кәсіпқор» Холдингі республикамыздың 811 колледждері арасында іріктеу жүргізіп, әртүрлі аймақтан  10 колледж таңдап алынды. Үздік ондықтың ішіне біздің өңірден Жамбыл политехникалық колледжі еніп, оқу орнының алдағы бесжылдыққа дамыту стратегиясы айқындалды.

Аталған Холдинг және колледж арасында 2015-2019 жылдары  «Химиялық  технология  және өндіріс», «Ғимараттар мен құрылыстарды салу және пайдалану» мамандықтары бойынша кадрларды дайындау үшін жаңа білім беру моделін ендіру жоспарланған ынтымақтастық туралы келісім - шарт жасалды. Келісім аясында материалдық-техникалық базаны жаңарту, оқытушылардың біліктілігін арттыру, оқу үрдісін эксперименталдық білім беру бағдарламасына сәйкес ұйымдастыру қарастырылды.

 2015 жылы арнайы пәндер оқытушылары, өндірістік оқыту шеберлері, менеджерлер, циклдық комиссия жетекшілері, оқытушы-жаттықтырушылары біліктіліктерін көтеру курстарына қатысуда. 5 оқытушы Беларуссия елінің Минск қаласында білімдерін жетілдірді. Ал қазіргі таңда колледждің 9  қызметкерлері Астана қаласында оқу-тренингтік орталықта біліктілікті жетілдіру курсынан өтті.

2015 жылы 14-15 шілдеде «Кәсіпқор» Холдингінің Академиялық басқару департаментінің бас менеджері Жанат Қуанышбайұлы Далабаев «Серіктес колледждерде эксперименталдық білім беру бағдарламаларын бейімдеу мен енгізу» тақырыбында семинар өткізді. Қазақстандық білім беру бағдарламаларынан ерекшелігі  құрылысшы және технологшы мамандарды дайындаудың жаңа білім  беру  моделі  австралиялық және германиялық модульдық бағдарлама негізінде әзірленеді.

Оқытушылар құзыреттілікті қалыптастыруға бағытталған кәсіби модульдерден тұратын  жұмыс бағдарламаларын дайындауға кірісті.

Осылайша Жамбыл политехникалық колледжі білікті кадрларды даярлау арқылы елімізді үздік 30-дыққа апарар Ұлт жоспарын жүзеге асыруға қомақты үлес қосатын болады.