Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасының

"Жамбыл политехникалық жоғары колледжі" МКҚК

A- A A+

ГККП "Жамбылский политехнический высший колледж"

управления образования акимата Жамбылской области

Колледж миссиясы: Қоғамның және экономиканың индустриалды-инновациялық дамуының сұраныстарына сәйкес жоғары білімді, бәсекеге қабілетті, құзыретті, кәсіби кадрларды дайындау. Мақсаты: Қоғамның және экономиканың индустриалды-инновациялық дамуының сұраныстарына сәйкес инновациялық тәсілдерді қолдану жолымен білім сапасының жоғары деңгейіне жету.

Жетістіктер

2006 жылы колледж «Озат әлеуметтік серіктес-жұмыс беруші» облыстық байқауынан 1орын алды.

2006 жылы «Білім ұясы: жылдың озат колледжі» республикалық байқауында 3 орын алды.

2008 жылы «Аспап жасау» бағыты бойынша РУМО мәртебесі берілді.

2009 жылы «Кәсіптік білім және бизнес: серіктестер диалогы» атты 2ші Халықаралық форумына қатысқан үшін ҚР БжәнеҒМ алғыс хатымен марапатталды.

2011 жылы колледж информатика мұғалімдері арасындағы «Алтын диск» атты IV-ші республикалық байқауында 1 орын алды.

2011 жылы 1112000 «Өнеркәсіптегі машиналар мен жабдықтарды пайдалану» мамандығы бойынша оқу, оқу-әдістемелік әдебиетті апробациядан өткізгені үшін ҚР БжәнеҒМ және РҒӘО сертификаты берілді.

«Кәсіптік білім және бизнес: серіктестер диалогы» атты IV-ші халықаралық форумында «Казфосфат»ЖШС және Жамбыл политехникалық колледжі техникалық және кәсіптік білім саласындағы озат серіктестер атағын иеленіп, ҚР БжәнеҒМ дипломымен марапатталды.

2012 жылы білім мекемесі 5 жыл бойы 11 мамандық бойынша білім беру қызметі құқығын иеленуге  мемлекеттік аттестаттаудан өтті.

Республикалық байқаудың қорытындысы бойынша информатика пәнінің мұғалімі АйтбаеваМ.А. «Озат педагог 2012ж» атағын иеленді.

2006 жылдың бітірушісі Ақжүрек Таңатаров 2012 жылы Лондон қаласында өткен ХХХ жазғы олимпиада ойындарының қола жүлдегері болды.

Колледж бітірушісі Болат Жумадилов – 1996 жылы Атлантада және 2000 жылы Сиднейде өткен олимпиада ойындарының екі мәрте күміс жүлдегері, 1999 жылы әлем чемпионы болды.

2013 жылы информатика пәнінің оқытушысы Бекмолдаева К.Б. «Озат педагог 2013ж» атағына ие болды.

Оқытушы Байқонырова Г.А. «Білім беру ісінің құрметті қызметкері» омырау белгісімен марапатталды.

«Қазфосфат»ЖШС мен «Энерджи-Тараз» ЖШС Жамбыл политехникалық колледжін белсенді қолдаған үшін 2014 жылы серіктестіктің көшбасшысы атанды.

2014 жылы оқытушы Островерхий А.Н. «Ы.Алтынсарин» омырау белгісімен марапатталды.

2014 жылдың 5 желтоқсанындағы ҚР Президентінің Жарлығымен колледж директоры Орынбаева Ж.Р. «Ерен еңбегі үшін» медалімен марапатталды.

2016 жылы Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған колледж білімгерлері арасында өткен «Спорт-денсаулық кепілі» атты облысық  X- спартакиадасында 1 орын алды.

2016 жылы Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігің  25 жылдығына орай «Ұлы дала елі – Тәуелсіздіктің  25 негізі» тақырыбтық  25 жұлдызды күн жоспарына сәйкес Оңтүстік Қазақстан облысында өткізілген «Жас Ұлан» республикалық  әскери- патриоттық ойынында 1 орын алды.

2016 жылы Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына  арналған колледж білімгерлері арасында өткізген «Жас Ұлан» әскери-патриоттық ойынында 1 орын алды.