Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасының

"Жамбыл политехникалық жоғары колледжі" МКҚК

A- A A+

ГККП "Жамбылский политехнический высший колледж"

управления образования акимата Жамбылской области

Колледж миссиясы: Қоғамның және экономиканың индустриалды-инновациялық дамуының сұраныстарына сәйкес жоғары білімді, бәсекеге қабілетті, құзыретті, кәсіби кадрларды дайындау. Мақсаты: Қоғамның және экономиканың индустриалды-инновациялық дамуының сұраныстарына сәйкес инновациялық тәсілдерді қолдану жолымен білім сапасының жоғары деңгейіне жету.

Колледж тарихы

Өткен жылдарға көз жүгіртсек, оқу орны талай тарихи оқиғаларды басынан өткерген екен. Бұл колледж алғашында Жамбыл кешкі химия-механикалық техникумы деп аталған. Ол КСРО Министрлер Кеңесінің 1954 жылдың 22 қарашасындағы №12547-Р қаулысымен  суперфосфат зауытының  базасында  ұйымдастырылған. Техникум өз жұмысын 1955 жылы 3 қазанында бастады және Қазақ КСР-і жоғары оқу орындары министрлігінің қарамағында болған.

1995 жылы Жамбыл химиялық – механикалық техникумы Жамбыл политехникалық техникум болып аты өзгертілді.

1996 жылы Жамбыл политехникалық техникумына колледж мәртебесі берілді.

1997 жылы Колледж Жамбыл жеңіл және тамақ өнеркәсіп технологиялық институтының құрамына кірді.

1998 жылы облыс әкімінің қаулысына сәйкес Жамбыл политехникалық колледжі мен Жамбыл қазақ – түрік есеп – экономикалық колледжі бірігіп Жамбыл политехникалық колледжі болып құрылды.

2009 жылдан бастап «Жамбыл политехникалық колледжі» МКҚК Жамбыл облысы әкімінің білім басқармасы.

ҚР  «Білім туралы» заңына сәйкес колледжің даму тұжырымдамасында жас маманның тұлға болып, түлектің заманауи әлеуметтік экономикалық жағдайға шығармашылық бағыт алған және көшбасшылық қасиеттерді бойына жинаған ерікті азамат болып қалыптасуына қажетті барлық жағдайлар жан – жақты қарастырылған. Колледжде жоғарғы кәсіби деңгейлі мамандарды даярлауға кепіл беретін және келесі принциптерге негізделген жүйе қалыптасқан:

- педагогикалық ұжымның кәсіби шеберлігін үнемі жетілдіріп отыру;

- білім беру процесіне оқу және ғылыми – зерттеу жұмыстарын енгізу;

-оқу процесіне инновациялық (сонымен қатар ақпараттық) технологияларды қолдана отырып, тәжірибелі бағдарланған оқу үрдісін дамыту;

- материалдық техникалық базаны үнемі жаңарту.

         Біздің   оқу орнының қызметіндегі түрлі бағыттарын аша түсетін 20 шақты өзара байланысты, ақпараттық, шығармашылық жобаларды: «Колледж сайты», «Инновациялық оқу технологиялары», «Оқу шеберханалары», «Қабылдау комиссиясы», «Электрондық кітапхана», «Қашықтықтан оқыту порталы», «Электрондық әдістемелік кешендер», «Электрондық оқулықтар», «Тесттер», «Әлеуметтік серіктестік», «Дуальдық оқу», «Кредиттік технология», «Мәдени мұра», «Жастар жүрегі», «Дені сау тұлға», «Студенттік үй», «Жыр жазамын жүрегімнен», «Экоклуб», «Караоке орталығы» және т.б. қамтиды.

Оқу мекемесінде «Бәсекеге қабілетті мамандарды даярлауда жаңа педагогикалық технологиялар негізінде оқу үрдісін ұйымдастыру» атты әдістемелік тақырып жүзеге асады. Әдістемелік жұмыстың үлгілері әртүрлі: циклдік әдістемелік комиссия жұмысы, әдістемелік көрмені қамтамасыз ету, мастер-кластар, ашық сабақтар, оқу және оқудан тыс сабақтарға өзара қатысу, «Жас мамандар мектебі» және «Әдістемелік зертхана» жұмысы, үздік оқытушылардың шығармашылық есептері.

Колледждің оқытушылары қызметтерінде жаңа педагогикалық технологияларды кеңінен пайдаланады, сабақтарында компьютерлік бағдарламаларды белсенді түрде қолданады, онлайн - оқу жүйесімен сабақ жүргізеді. Колледждің оқытушыларымен 11 120 000«Өнеркәсіп машиналары мен жабдықтарын пайдалану», 1013000«Механикалық өңдеу, бақылау-өлшеуіш аспаптары және машина жасаудағы автоматика» мамандықтары бойынша мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарын, типтік оқу бағдарламаларын әзірледі, нәтижесінде 2008 жылы оқу орнына ҚР БҒМ «Приборжасау» оқу бағыты бойынша әдістемелік бірлестігінің мәртебесі берілді.

Колледж жұмыс барысында ел экономикасының түрлі саласында еңбек  ететін 30 мыңнан аса жоғарғы білікті мамандарды даярлады. Біз өз түлектерімізді мақтан тұтамыз, сондай әлемге танымал азаматтардың ішінде еліміздің көк байрағын желбіреткен Атланта және Сидней олимпиадасының күміс жүлдегері Болат Жұмаділов пен Лондон олимпиадасының қола жүлдегері Ақжүрек Таңатаров, облыстық «Қазақстан - Тараз» телеарнасының бас редакторы Алпамыс Қазыбаев.

Колледж студенттік парламент, жатақхана кеңесі, топ басының кеңесі, студенттің ғылыми қоғамы, «Жастар жүрегі» волонтерлық қозғалыс, «Мейрімділік»  қайрымдылық клубы, театрлық – музыкалық студия, спорттық кешендер.

Оқу мекемесі – республикалық «Жылдың үздік колледжі» байқауының, облыстық «Үздік әлеуметтік серіктес – жұмыспен қамтушы » байқауының жеңімпазы. Колледждің жұмыс тәжірибесінде қазақ энциклопедиясының «Үздік оқу орны», аймақтық «Қазақстандағы білім», «Жамбыл облысының үздік оқу  мекемесі» анықтамасында , ТжКБ журналының беттерінде бейнесін тапты.

 Білім  беру сапасын арттыру мақсатында алдымызда әлі де көптеген жұмыстар атқару керектігін сезінеміз. Және де ұжым оқу процесінің жаңартылуына, басқарушылық міндетіне, оқытушылар мен студенттердің нәтижелі және шығармашылық жұмыстарына барлық жағдай жасауға дайын.  Бұл жаңа міндеттер мен болашағымызды анықтайтын уақыт. Біз дамып, алға ұмтыламыз, колледж қабырғасында ойы ұшқыр және мақсаты айқын  бозбала мен бойжеткендерді  -  Жаңа Қазақстанды өркендетуге қабілеті жоғары, қоғамның сенімді азаматтарын тәрбиелейміз. Біздің өнерлі және белсенді жасөспірімдеріміз және біздің сауатты да ынталы педагогтарымыз колледжге мақтан тұтарлық абырой-атақ әкелді. Жамбыл полтехникалық колледжінде қызмет ету – құрмет, білім алу – абырой.