Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасының

"Жамбыл политехникалық жоғары колледжі" МКҚК

A- A A+

ГККП "Жамбылский политехнический высший колледж"

управления образования акимата Жамбылской области

Колледж миссиясы: Қоғамның және экономиканың индустриалды-инновациялық дамуының сұраныстарына сәйкес жоғары білімді, бәсекеге қабілетті, құзыретті, кәсіби кадрларды дайындау. Мақсаты: Қоғамның және экономиканың индустриалды-инновациялық дамуының сұраныстарына сәйкес инновациялық тәсілдерді қолдану жолымен білім сапасының жоғары деңгейіне жету.

Ішкі тәртіп ережесі

 

«Жамбыл политехникалық колледжіндегі ішкі тәртіп ережелері»

Білім алушылардың құқықтары мен міндеттері Қазақстан Республикасының Заңнамасымен және Колледж Жарғысымен белгіленеді.

Студенттердің құқықтары:

а) таңдаған мамандығы бойынша теориялық және практикалық дағдыларды жүйелі және терең меңгеруге, теориялық және практикалық сабақтардың барлығына қатысуға;

ә) өзінің мәдени деңгейін көтерумен айналысуға, республика мен өз қаласының тарихын, дүниежүзілік, отандық мәдениеттің тарихын, халық дәстүрін, мәдениетін және өнерін, этикасы мен эстетикасын оқып білуге және күнделікті өмірде соны қолдануға;

б) өзінің іс жүзіндегі дайындығын жақсартуға, мамандық бойынша жұмысшы кәсібін меңгеруге, тапсырмалар мен оқу-таныстыру, өндірістік және технологиялық практикалардың тапсырмалары мен бағдарламаларын толық орындауға;

в) міндетті оқу сабақтарына қатысуға және бекітілген кестедегі мерзімде оқу жоспары мен бағдарламаларында қарастырылған тапсырмалардың барлық түрін орындауға;

г) қоғамдық – пайдалы еңбекке белсенді қатысуға;

д) бөлімнің оқу-тәрбиелік жұмысына, болашақ маман ретіндегі студенттің дайындық сапасын көтеруге ықпал ететін жеке пәндер бойынша олимпиядаларға, конференцияларға және іс-шараларға қатысуға;

е) ғылыми-техникалық білімді насихаттауға, сонымен қатар колледждің өткізетін қоғамдық іс-шараларына қатысуға;

ж) себепті және себепсіз жағдайлармен келмеген сабақтар оқуға келген мерзімнен бастап он күн ішінде міндетті түрде тапсырылады. Сабаққа кешігу- келмегенмен бірдей, сол себепті міндетті түрде тапсырылады.

з) колледждің ішкі тәртіп ережесін орындауға:

·        Егер студент ауруханада жатса, амбулаториялық жағдайда емделіп сабаққа келмесе және төтенше сипаттағы жағдайлар (апат) басқа да себепті жағдайлармен келе алмаса, студент немесе оның туыстары болған оқиға жайлы білім беру ұйымына бір тәулік ішінде кез келген әдіспен (телефонмен, телеграфпен және т.б) хабарлауға және үш күн ішінде бұл жағдайды растайтын құжатты ұсынуға тиіс. Растау құжаты  сәйкес емдеу мекемесінің бекітілген үлгісінде болуы тиіс.

·        Студент амбулаториялық немесе стационарлық жағдайда емделгенде білім беру мекемесіне жазбаша ескертіп, сабаққа шыққан соң емделгенін растайтын құжаттарын ұсынуға тиіс.

·        Әскери есеп ережесін сақтауға.

·        Оқытушыларды, қызметкерлерді және колледж студенттерін сыйлауға, биязылықпен қарауға;

 

 

·        Демографиялық мәліметтердің (мекен-жайы, телефон, отбасы құрамы) өзгеруі туралы колледж әкімшілігіне уақтылы хабарлауға;

·        Колледж, бөлім басшылары, оқытушылар аудиторияға кіргенде студенттер орнынан тұруы керек.

·        Студенттер колледж меншігіне (мүлік, оқу құралы, кітаптар, аспаптар және т.б) ұқыпты және мұқият қарауға міндетті. Студенттерге колледж әкімшілігінің рұқсатынсыз лабораториялар мен аудиториялардан заттар мен түрлі жабдықтарды алып шығуы тыйым салынады.

·        Студенттер тәртіпті болуы және таза киініп жүруі тиіс, этиканы сақтауға, оқу орында да көшеде де және  қоғамдық орындарда моральға жат қылықтар жасамауы және балағат сөздер айтпауы керек.

·        Студенттер барлық оқу  және оқу-өндірістік ғимараттарда тазалық пен тәртіп сақтауға міндетті.

·        Колледж студенттерінің тез тұтанатын, тез жанатын, жарылуға қауіпті және адам өмірі мен денсаулығына қатер төндіретін басқа да заттарды алып жүруіне тиым салынады.

·        Заңды өкiлдерi еріп жүрмеген кәмелетке толмағандардың тұрғын жайдан тыс жерлерде сағат 23-тен таңғы 6-ға дейiн жүруге тиым салынады.

·        Кәмелетке толмағандардың заңды өкілдерінің ертіп жүруінсіз түнгі уақытта (сағат 22-ден таңғы 6-ға дейін) ойын-сауық мекемелерінде болуына тиым салынады.

 

Студенттердің киіміне қойылатын талаптар:

- пиджак (жакет), жилет, шалбар (юбка), ақшыл түсті жейдеден (блузка) тұратын қара түсті костюм;

Колледжде киюге тыйым салынады:

- спорт киімін күнделікті киім ретінде;

- ашық денеге жабысып тұратын майкалар мен топтарды;

- жұқа, дене көрініп тұратын матадан тігілген киімді;

- джинси киімдерді.

 

Оқу орнының ғимаратында тыйым салынады:

- сырт киіммен, бас киіммен отыруға;

- қатты сөйлесуге, шу шығаруға, сабақ кезінде дәлізде жүруге, музыка тыңдауға;

- темекі шегуге;

- спирттік ішімдік ішуге;

- оқу процесі кезінде студенттердің колледж сыртына шығуына;