Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасының

"Жамбыл политехникалық жоғары колледжі" МКҚК

A- A A+

ГККП "Жамбылский политехнический высший колледж"

управления образования акимата Жамбылской области

Колледж миссиясы: Қоғамның және экономиканың индустриалды-инновациялық дамуының сұраныстарына сәйкес жоғары білімді, бәсекеге қабілетті, құзыретті, кәсіби кадрларды дайындау. Мақсаты: Қоғамның және экономиканың индустриалды-инновациялық дамуының сұраныстарына сәйкес инновациялық тәсілдерді қолдану жолымен білім сапасының жоғары деңгейіне жету.

«Ұлы өнертапқыштыққа алғашқы қадам» атты облыстық инновациялық идеялар байқауы

     

Жамбыл облысы әкімдігі білім басқармасы «Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыру аясында  2018 жылдың  14 қыркүйек  күні  Жамбыл политехникалық жоғары колледжінде  11-17  жастағы  жалпы білім беретін мекемелердің оқушылары мен колледж студенттері арасында «Ұлы өнертапқыштыққа алғашқы қадам» атты облыстық инновациялық идеялар байқауы өтті. 

«Авиация саласындағы техникалық әзірлеу»  номинациясы бойынша А.Нурматов, «Әскери техника саласындағы техникалық құрастыру» номинациясы бойынша  С. Саухымбек, «Автокөліктің қолданыстағы модельдерін әзірлеу» саласындағы техникалық құрастыру» номинация бойынша  А. Амиртаев, І дәрежелі,«Әскери техника саласындағы техникалық құрастыру» номинациясы бойынша  О. Хавазматов ІІ дәрежелі, «Жылу энегетикасы, электр энергетикасы, баламалы энергетика жобасындагы салалар»  номинациясы бойынша Е. Аубаев, «Автокөліктің қолданыстағы модельдерін әзірлеу» саласындағы техникалық құрастыру» номинация бойынша  Е.Қойбағар, Т.Рысбек, Қ.Нұрмухамбет  ІІІ дәрежелі дипломдарыменмен марапатталды.

«Ұлы өнертақыштыққа алғашқы қадам» облыстық инновациялық идеялар байқауына  белсене қатысқаны үшін Н.Тұрдақын,  М.Эликулы, А.Халықова, Ұ.Берікқожа, Р.Сағындықов алғыс хаттармен  марапатталды.