Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасының

"Жамбыл политехникалық жоғары колледжі" МКҚК

A- A A+

ГККП "Жамбылский политехнический высший колледж"

управления образования акимата Жамбылской области

Колледж миссиясы: Қоғамның және экономиканың индустриалды-инновациялық дамуының сұраныстарына сәйкес жоғары білімді, бәсекеге қабілетті, құзыретті, кәсіби кадрларды дайындау. Мақсаты: Қоғамның және экономиканың индустриалды-инновациялық дамуының сұраныстарына сәйкес инновациялық тәсілдерді қолдану жолымен білім сапасының жоғары деңгейіне жету.

«Нұр Отан» партиясы Тараз қалалық филиалы №33 «Қазпошта» бастауыш партия ұйымының жиналысы

   

6-шы қыркүйек «Нұр Отан» партиясы Тараз қалалық филиалы №33 «Қазпошта» бастауыш партия ұйымының жиналысы Жамбыл политехникалық жоғары колледжінде өткізілді. Жиналысты «Нұр Отан» партиясы Тараз қалалық филиалы №33 «Қазпошта» бастауыш партия ұйымының төрағасы, Жамбыл политехникалық жоғары колледжі директорының орынбасары Балдырған Мұрахан жүргізді. Жиналысқа Жамбыл облыстық онкологиялық диспансерінің бас дәрігері, Жамбыл облыстық мәслихатының депутаты Нұржанов Абай Құралбекұлы қатысты. Жиналыстың күн тәртібінде 2 мәселе қаралды. Олар: 1. «Нұр Отан» партиясы бастауыш партия ұйымдарының қызметін жандандыру тұжырымдамасы; 2. «Нұр Отан» партиясы Тараз қалалық филиалының кезектен тыс XXIV конференциясына делегеттар сайлау.