Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасының

"Жамбыл политехникалық жоғары колледжі" МКҚК

A- A A+

ГККП "Жамбылский политехнический высший колледж"

управления образования акимата Жамбылской области

Колледж миссиясы: Қоғамның және экономиканың индустриалды-инновациялық дамуының сұраныстарына сәйкес жоғары білімді, бәсекеге қабілетті, құзыретті, кәсіби кадрларды дайындау. Мақсаты: Қоғамның және экономиканың индустриалды-инновациялық дамуының сұраныстарына сәйкес инновациялық тәсілдерді қолдану жолымен білім сапасының жоғары деңгейіне жету.

«Мектепке жол» дәстүрлі жалпы республикалық қайырымдылық акциясы

    14-ші тамызда Жамбыл политехникалық жоғары колледжінің директоры, Тараз қалалық мәслихатының депутаты Жанар Рымбекқызы Орынбаева Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың қолдауымен және Қазақстан Республикасы Білім және ғылым Министрлігінің 2018 жылғы 13 шілдедегі №3-15-3/2530 хатына сәйкес «Бақытты балалық шақ мекені!» ұранымен «Мектепке жол» дәстүрлі жалпы республикалық қайырымдылық акциясына белсене атсалысып, №58 орта мектептің 2, 3 сынып оқушылары көп балалы отбасында тәрбиеленетін Әбжаппар Мейірім, Ералиев Абдурахман, Сапарбай Бағлан, Абдумәлік Іңкәр, Бақтыбек Мерейдің және №12 мектеп гимназиясының 3, 6 сынып оқушысы Сатыбалды Алинұр, Сатыбалды Жанэльдің  әлеуметтік жағдайларын, тұрмысын ескере отырып, мектептік киімдерімен (форма), аяқ киім, спорттық киімдері және мектепке қажетті оқу құралдарымен толық қамтамасыз етті.