Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасының

"Жамбыл политехникалық жоғары колледжі" МКҚК

A- A A+

ГККП "Жамбылский политехнический высший колледж"

управления образования акимата Жамбылской области

Колледж миссиясы: Қоғамның және экономиканың индустриалды-инновациялық дамуының сұраныстарына сәйкес жоғары білімді, бәсекеге қабілетті, құзыретті, кәсіби кадрларды дайындау. Мақсаты: Қоғамның және экономиканың индустриалды-инновациялық дамуының сұраныстарына сәйкес инновациялық тәсілдерді қолдану жолымен білім сапасының жоғары деңгейіне жету.

Біліктілікті арттыру - заман талабы

   

Қазақстан Республикасында білім беруді және ғылымды дамытудың 2016 - 2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасында жұмысшы мамандығының беделін арттыру және кәсіптік білім беруді дамытудың негізгі бағыттарының біріне оқытушы кадрларды даярлау және біліктіліктерін жоғарлату міндеттері қойылған.

«Кәсіпқор» холдингі» КЕАҚ техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдары басшыларының және инженерлік-педагогикалық қызметкерлерінің біліктілігін халықаралық талаптарға сай арттыру бойынша мемлекеттік тапсырмасын (2018 жылғы 30 наурыздағы №32/ГЗ Келісім-шарты) жүзеге асыру шеңберінде біліктілікті арттыру курстарын жүргізді.

Біліктілікті арттыру курстарының мақсаты ТжКБ ұйымдарының ИПҚ кәсіби және педагогикалық құзіреттіліктерін арттыру.

Төрт кезеңннен тұратын біліктілікті арттыру курстары "Кәсіпқор" Холдингі" КЕАҚ кәсіптік білім беру орталығымен әзірленген бағдарламалар негізінде, Жамбыл политехникалық жоғары колледжінің базасында мамыр айының 14.05.-25.05.2018ж аралығында 1 кезеңі басталып, шілде айының 02.07-27.07.2018ж. аралығында 2 және 3 кезеңімен жалғасты. «Кәсіпқор» Холдингімен» жүргізіліп отырған бұл курстар оқытушыларға үлкен әдістемелік көмек көрсеткені сөзсіз.