Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасының

"Жамбыл политехникалық жоғары колледжі" МКҚК

A- A A+

ГККП "Жамбылский политехнический высший колледж"

управления образования акимата Жамбылской области

Колледж миссиясы: Қоғамның және экономиканың индустриалды-инновациялық дамуының сұраныстарына сәйкес жоғары білімді, бәсекеге қабілетті, құзыретті, кәсіби кадрларды дайындау. Мақсаты: Қоғамның және экономиканың индустриалды-инновациялық дамуының сұраныстарына сәйкес инновациялық тәсілдерді қолдану жолымен білім сапасының жоғары деңгейіне жету.

Цифрлық Қазақстан – цифрлық экономика

      Техникалық және кәсіптік білім беру мекемелерінде «Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы аясында мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді автоматтандыруды қамтамасыз ету мақсатында Жамбыл политехникалық жоғары колледжінде мемлекеттік қызмет көрсетудің электрондық орталығы құрылды.  Аталған орталықтың ресми ашылуына ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаментінің басшысы   М.Ы.Нәлібаев, «Нұр Отан» партиясы Жамбыл облыстық филиалының төрағасының бірінші орынбасары М.Шукеев,  «Нұр Отан» партиясы Тараз қалалық филиалы төрағасының бірінші орынбасары А.И.Асқарбеков, Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасының басшысының орынбасары Т.Жамалов, техникалық және кәсіптік білім беру мекемелерінің басшылары,  БАҚ өкілдері  қатысты. «Цифрлық Қазақстан» бағдарламасы цифрлық сауаттылықты арттыру арқылы адами капиталды дамытуды көздейді. Мемлекеттік қызметтерді электрондық формада көрсету азаматтардың өзіне – өзі қызмет көрсету мүмкіндіктерін кеңейтеді. Электрондық орталықта қонақтар «Paper – free» форматында колледж оқытушылары дайындаған бағдарламалармен танысты. 2018 жылы 20 маусымнан колледжге талапкерлердің құжаттарын қабылдау аталған орталықта автоматтандырылған қызмет түрінде көрсетілетін болады. Бұл қызметті жылдам әрі тиімді жүргізуге мүмкіндік береді.