Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасының

"Жамбыл политехникалық жоғары колледжі" МКҚК

A- A A+

ГККП "Жамбылский политехнический высший колледж"

управления образования акимата Жамбылской области

Колледж миссиясы: Қоғамның және экономиканың индустриалды-инновациялық дамуының сұраныстарына сәйкес жоғары білімді, бәсекеге қабілетті, құзыретті, кәсіби кадрларды дайындау. Мақсаты: Қоғамның және экономиканың индустриалды-инновациялық дамуының сұраныстарына сәйкес инновациялық тәсілдерді қолдану жолымен білім сапасының жоғары деңгейіне жету.

«Менингококк инфекциясы туралы» тәрбие сағаттары

    11 маусым  күні Жамбыл политехникалық жоғары колледжінің мәжіліс залында Менингококк инфекциясының алдын алу мақсатында Тараз қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқарамасының эпидемиологиялық қадағалау  бөлімінің жетекшісі мамандары Н.Д.Құрманалиева, А.Ш.Опабекованың қатысуымен «Менингококкты жұқпаның алдын алу» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді.  Іс-шара барысында мамандар студенттерге менингококк инфекцияларының берілу жолдары, белгілері, салдары және қалай қорғануға болатындығы туралы түсіндіріліп, бейнеролик көрсетілді.

     Колледждің мамандарының ұйымдастыруымен «Менингококк инфекцияларының алдын алу» бойынша ақпараттық бұрыш жасалды. Арнайы жұқпаның алдын алу плакаттары мен флаерлар әзірленіп студенттерге таратылды.1-2 курс оқу топтарында «Менингококк инфекциясы туралы» тәрбие сағаттары өткізілді.