Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасының

"Жамбыл политехникалық жоғары колледжі" МКҚК

A- A A+

ГККП "Жамбылский политехнический высший колледж"

управления образования акимата Жамбылской области

Колледж миссиясы: Қоғамның және экономиканың индустриалды-инновациялық дамуының сұраныстарына сәйкес жоғары білімді, бәсекеге қабілетті, құзыретті, кәсіби кадрларды дайындау. Мақсаты: Қоғамның және экономиканың индустриалды-инновациялық дамуының сұраныстарына сәйкес инновациялық тәсілдерді қолдану жолымен білім сапасының жоғары деңгейіне жету.

«Сақ болыңыз! Менингит!»

  

8 маусым күні Жамбыл политехникалық жоғары  колледжінде менингококк инфекциясының  алдын алу мақсатында  «Сақ болыңыз! Менингит!» тақырыбында колледж фойесіне ақпаратты плакаттар ілініп, жүгіртпе жол және радиорубка арқылы мәтін түрінде   студенттерге түсіндіру жұмыстары  жүргізілді. Сондай-ақ, ата-аналар арасында түсіндірме жұмыстары жүргізіліп, жадынамалар таратылды. Менингококк инфекциясының тұмау, баспа, суық тию, тонзиллит және т.б. сияқты «зиянсыз» ауруларға ұқсас болғанымен, өте қауіпті түрде өтетіндігі, қазіргі менингиттің маусымдық көтерілуі кезінде адамдар көп жиналатын жерлерге, сауда ойын-сауық кешендеріне, бассейндерге және нашар желдетілетін үй-жайларда өткізілетін мәдени-көпшілік іс-шараларға баруды шектеу керек екендігі түсіндірілді. Ауру жұқтыруды болдырмау үшін күнделікті салауатты өмір салтын ұстанған кезде ғана ағзаның иммундық жүйесін сақтауға болатындығы және  менингит кезінде шұғыл түрде дәрігерге бару керек екендігі айтылды.