Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасының

"Жамбыл политехникалық жоғары колледжі" МКҚК

A- A A+

ГККП "Жамбылский политехнический высший колледж"

управления образования акимата Жамбылской области

Колледж миссиясы: Қоғамның және экономиканың индустриалды-инновациялық дамуының сұраныстарына сәйкес жоғары білімді, бәсекеге қабілетті, құзыретті, кәсіби кадрларды дайындау. Мақсаты: Қоғамның және экономиканың индустриалды-инновациялық дамуының сұраныстарына сәйкес инновациялық тәсілдерді қолдану жолымен білім сапасының жоғары деңгейіне жету.

«Біз темекісіз Қазақстанды қолдаймыз» ұранымен облыстық акция

  31 мамыр Бүкіл дүниежүзілік темекімен күрес күніне орай 22 мамыр күні колледждің акт залында оқу ордамыздың студенттеріне арналған «Біз темекісіз Қазақстанды қолдаймыз» ұранымен облыстық акция өтті. Акция мақсаты жастарды зиянды әдеттерден сақтау және  салауатты өмір салтын қалыптастыруға тәрбиелеу. Аталған іс-шараға  Жамбыл облысы наркологиялық диспансерінің нарколог- дәрігері Мадиркулов Жұмағали Абдрахманұлы, Жамбыл облыстық салауатты  өмір  салтын  қалыптастыру  мәселелері орталығының  орынбасары Мырзатаев Жәнібек Құтымбекұлы және орталықтың мамандары қатысты.