Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасының

"Жамбыл политехникалық жоғары колледжі" МКҚК

A- A A+

ГККП "Жамбылский политехнический высший колледж"

управления образования акимата Жамбылской области

Колледж миссиясы: Қоғамның және экономиканың индустриалды-инновациялық дамуының сұраныстарына сәйкес жоғары білімді, бәсекеге қабілетті, құзыретті, кәсіби кадрларды дайындау. Мақсаты: Қоғамның және экономиканың индустриалды-инновациялық дамуының сұраныстарына сәйкес инновациялық тәсілдерді қолдану жолымен білім сапасының жоғары деңгейіне жету.

«Киелі жерлерге саяхат» экскурсия

Елбасы Н.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» мақаласының «Рухани қазына» кіші бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында 2018 жылдың  2 сәуірінде  Жамбыл политехникалық жоғары колледжінің Тарих пәнінің оқытушылары Тараз қаласында орналасқан тарихи-мәдени нысандарға  экскурсия ұйымдастырды.

Экскурсияны ұйымдастырудың мақсаты - Ежелгі Тараз қаласының  тарихи-мәдени мұрасын студенттерге насихаттау, қолөнер шеберлерінің мәдениеті мен Ежелгі Тараз қалашығынан табылған бірегей жәдігерлерді таныстыру, шығармашылық мамандықтарының (суретшілер, сәулетшілер) қызығушылығын ояту.