Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасының

"Жамбыл политехникалық жоғары колледжі" МКҚК

A- A A+

ГККП "Жамбылский политехнический высший колледж"

управления образования акимата Жамбылской области

Колледж миссиясы: Қоғамның және экономиканың индустриалды-инновациялық дамуының сұраныстарына сәйкес жоғары білімді, бәсекеге қабілетті, құзыретті, кәсіби кадрларды дайындау. Мақсаты: Қоғамның және экономиканың индустриалды-инновациялық дамуының сұраныстарына сәйкес инновациялық тәсілдерді қолдану жолымен білім сапасының жоғары деңгейіне жету.

ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Бектұрғанов Әбдіманап Елікбайұлымен кездесу

      Елбасының «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» Жолдауын, «Президенттің бес әлеуметтік бастамасы» Үндеуін түсіндіру мақсатында Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттары Жамбыл облысына жұмыс сапарымен келді.

        Іс - сапар барысында ҚР Парламенті  Мәжілісінің депутаты Бектұрғанов Әбдіманап Елікбайұлы 2 сәуір күні Жамбыл политехникалық жоғары колледжінің оқытушылары мен студенттері арасында кездесуі өтті. Кездесуде ҚР Парламенті  Мәжілісінің депутаты тұтас еліміздің әлеуметтік жағдайын жақсартатын ең маңызды жайттарды айқын көрсеткен бес әлеуметтік бастаманың маңызды тұстарын түсіндіріп, колледж ұжымы мен студенттер сауалдарына жауап берді және оқу орнының тыныс-тіршілігімен танысып, оң бағасын берді.