Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасының

"Жамбыл политехникалық жоғары колледжі" МКҚК

A- A A+

ГККП "Жамбылский политехнический высший колледж"

управления образования акимата Жамбылской области

Колледж миссиясы: Қоғамның және экономиканың индустриалды-инновациялық дамуының сұраныстарына сәйкес жоғары білімді, бәсекеге қабілетті, құзыретті, кәсіби кадрларды дайындау. Мақсаты: Қоғамның және экономиканың индустриалды-инновациялық дамуының сұраныстарына сәйкес инновациялық тәсілдерді қолдану жолымен білім сапасының жоғары деңгейіне жету.

Жаңалықтар

«Ұмытылмас ерлік» атты сурет салу шеруі

3 мамыр Жамбыл политехникалық жоғары колледжінде Отан қорғаушы күні және Ұлы Отан соғысындағы Жеңіс күнін мерекелеуге арналған іс-шара жоспары негізінде «Дизайн және сызу» циклдік әдістемелік комиссиясының ұйымдастыруымен «Ұмытылмас ерлік» атты сурет салу шеруі өтті. Бұл іс-шараға  колледж студенттері өздерінің төл туындыларын қылқалам арқылы бейнелеп, өз өнерлерін көрсетті.  

«Кәсіптік практика – келешек маманның кәсіби шеберлігінің кепілі»

2 мамыр Жамбыл политехникалық жоғары колледжінде «Радиоэлектроника және автоматтандыру» циклдік әдістемелік комиссияның онкүндігі аясында «Зерде» рухани дамыту орталығында «Кәсіптік практика – келешек маманның кәсіби шеберлігінің кепілі» тақырыбында өндіріс мамандарымен ақпараттық семинар болып өтті.

«Ең үздік кітап оқитын колледж» атты облыстық байқауы

28 сәуірде Жамбыл политехникалық жоғары колледжінің акт залында Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасының ұйымдастыруымен  Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы аясында облыстық «Ең үздік кітап оқитын колледж» атты байқау өтті.

Қазақстан – достық шаңырағы

30 сәуір Жамбыл политехникалық жоғары колледжінде «Радиоэлектроника және автоматтандыру» циклдік әдістемелік комиссияның онкүндігі аясында 316 аудиторияда ЦӘК оқытушысы Кенжебекова Д.Е «Қазақстан – достық шаңырағы» атты ашық тәрбие сағатын өткізді.

«Жүйенің тұрақтылығын алгебралық критерийлермен есептеу» тақырыбында СБР қолданумен ашық сабақ

 27 сәуір Жамбыл политехникалық жоғары колледжінде «Радиоэлектроника және автоматтандыру» циклдік әдістемелік комиссияның онкүндігі аясында 262 аудиториядаЦӘК оқытушысы Сапаралиева Г.Д.Автоматтық реттеу пәнінен «Жүйенің тұрақтылығын алгебралық критерийлермен есептеу» тақырыбында СБР қолданумен ашық сабақ өткізді.

Интерактивті кәсіби сынама

 

 27 сәуір Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасының ұйымдастыруымен  Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы аясында Жамбыл политехникалық жоғары колледждінде  қала мектептерінің оқушылары үшін интерактивті кәсіби сынама ұйымдастырылды.

«Машина жасау технологияы» бейіні бойынша жаңа кәсіптік стандарттар мен жаңа білім беру бағдарламаларын қолданудың оқу - әдістемелік аспектілері» тақырыбындағы республикалық семинар

27 сәуір Жамбыл политехникалық жоғары колледжінің базасында Республикалық оқу-әдістемелік бірлестігінің республика көлемінде ең алғаш болып  «Кәсіпқор» холдингі» КЕАҚ-ы, Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы және Жамбыл политехникалық жоғары колледжі бірлесіп,  «Машина жасау  технологиясы» бейіні бойынша «Жаңа кәсіптік стандарттар мен жаңа білім беру бағдарламаларын қолданудың оқу әдістемелік аспектілері» тақырыбында республикалық семинар өтті.

«Мәңгілік елдің Елордасы»

 26 сәуір Жамбыл политехникалық жоғары колледжінде 20 жылдық туылған күнін тойлап жатқан Астана Шығыс пен Батыс сәулет өнерінің соңғы үлгілерін ұтымдылықпен ұштастырған, яғни туған жер, ұлт, мәдениет пен салт-дәстүр сынды құндылықтарды жаңғыртып, жер бетінде мәдениетті ұлт ретінде танылудың жолын ұсынған, әлемдегі Жаңа дәуірдің  Жаңа Астанасын дәріптеу мақсатында «Мәңгілік елдің Елордасы» атты студенттік-практикалық конференциясы өтті.