Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасының

"Жамбыл политехникалық жоғары колледжі" МКҚК

A- A A+

ГККП "Жамбылский политехнический высший колледж"

управления образования акимата Жамбылской области

Колледж миссиясы: Қоғамның және экономиканың индустриалды-инновациялық дамуының сұраныстарына сәйкес жоғары білімді, бәсекеге қабілетті, құзыретті, кәсіби кадрларды дайындау. Мақсаты: Қоғамның және экономиканың индустриалды-инновациялық дамуының сұраныстарына сәйкес инновациялық тәсілдерді қолдану жолымен білім сапасының жоғары деңгейіне жету.

Жаңалықтар

«Біз темекісіз Қазақстанды қолдаймыз» ұранымен облыстық акция

31 мамыр Бүкіл дүниежүзілік темекімен күрес күніне орай 22 мамыр күні колледждің акт залында оқу ордамыздың студенттеріне арналған «Біз темекісіз Қазақстанды қолдаймыз» ұранымен облыстық акция өтті.

Бөлімаралық «Сапта жүріп, ән айту» байқауы және әскери-спорттық ойындары

19 мамыр Жамбыл политехникалық жоғары колледжінде Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің 26 жылдығына және Ұлы Отан соғысындағы  Жеңістің 73 жылдығына орай колледж студенттері арасында бөлімаралық  «Сапта жүріп, ән айту»  байқауы және әскери-спорттық ойындары өтті.

«Абай оқулары»

18 мамыр «Тараз қаласы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің»  ұйымдастыруымен мемлекеттік тілдің қолдану аясын кеңейту және Абай шығармашылығын насихаттау арқылы қазақ мәдениетіне, тілі мен әдебиетіне деген жастардың ықыласын арттыру, қазақстандық бірлікті қуаттау және отансүйгіштік сезімді қалыптастыру мақсатында «Абай оқулары» қалалық байқауы өткізілді.

Жамбыл политехникалық жоғары колледжінің студенттері ағылшын тілі пәні бойынша Астана қаласы, Республикалық қашықтықтықтан өткізілетін байқауларға белсене қатысуда.

Жамбыл политехникалық жоғары колледжінің студенттері ағылшын тілі пәні бойынша Астана қаласы, Республикалық қашықтықтықтан өткізілетін байқауларға белсене қатысуда.

«Террористік іс-қимыл орын алған жағдайдағы колледж қызметкерлерінің іс-әрекеті»

17 мамыр күні Жамбыл политехникалық жоғары колледжінде терроризмнің алдын алу мақсатында колледж қызметкерлерімен «Террористік іс-қимыл орын алған жағдайдағы колледж қызметкерлерінің іс-әрекеті»  тақырыбында ҚР ҰҚК Жамбыл облысы бойынша департаментінің терроризмге қарсы бөлімінің сарапшысы Батырбек Атамқұлов түсіндіру жұмыстарын жүргізді.

«Электрондық Үкімет порталы» тақырыбында қызметкерлерге түсіндірме жұмыстары

14 мамыр Жамбыл политехникалық жоғары колледжінде «Цифрлық Қазақстан» Мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру аясында www.e.gov.kz «Электрондық үкімет» веб-порталында қызмет алушының СМС келісімі бойынша үшінші тұлғаның анықтамалар алу сервисі іске қосылғандығына байланысты «Азаматтарға арналған үкімет мемлекеттік корпорациясы» КЕ АҚ Жамбыл облысы бойынша филиалы «Халыққа қызмет көрсету орталығы» департаментінің Тараз қалалық №1 бөлімінің мамандары Шопанбаева Г., Юрчиев М., Ортаев Д. «Электрондық Үкімет порталы» тақырыбында  қызметкерлерге түсіндірме жұмыстарын жүргізді.