Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасының

"Жамбыл политехникалық жоғары колледжі" МКҚК

A- A A+

ГККП "Жамбылский политехнический высший колледж"

управления образования акимата Жамбылской области

Колледж миссиясы: Қоғамның және экономиканың индустриалды-инновациялық дамуының сұраныстарына сәйкес жоғары білімді, бәсекеге қабілетті, құзыретті, кәсіби кадрларды дайындау. Мақсаты: Қоғамның және экономиканың индустриалды-инновациялық дамуының сұраныстарына сәйкес инновациялық тәсілдерді қолдану жолымен білім сапасының жоғары деңгейіне жету.

«Студенттік құқықтық кеңес беру» қызметі

«Студенттік құқықтық кеңес беру»

қызметі туралы ережелер

 

        2017-2018 оқу жылында Жамбыл политехникалық колледжінде  «Студенттік құқықтық кеңес беру» қызметі жұмыс атқаруда.

Студенттік құқықтық кеңес-студенттердің қызығушылықтарын, оқу –тәрбие жұмыстары жайында туатын сұрақтармен айналысатын, оқытушылар мен студенттердің өкілдерінен тұрады.

Студенттік құқықтық кеңес – колледждегі оқу тәрбиелік  процестерді басқарудың жалпы жүйесі болып табылады және студенттердің қоғамдық пікірлерін, олардың қызығушылықтары мен қажеттіліктерін зерттеу негізінде есепке алады.

Студенттік құқықтық кеңес өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясы, «ҚР Азаматтық құқық  туралы  кодекс», «ҚР  Жастарының мемлекеттік саясаты туралы»  ҚР  Заңы және Ереже бойынша жүзеге асырады.

 

Студенттік құқықтық  кеңестің мақсаты мен міндеттері

-Студенттік құқықтық кеңестің басты мақсаты – колледж басшылығы мен студенттер арасындағы қарым – қатынастарды тереңдету, студенттердің бос уақытын, оқу үрдісін және тұрмыстық жағдайын жақсарту.

-Студенттік құқықтық Кеңестің негізгі міндеттері:

 - Студенттік құқықтықкеңестің қызметі бойынша жоспарларды, бағдарламаларды, ережелерді, концепцияларды және басқа да жоспарлық құжаттарды  өңдеу және орындау;

 - мемлекет жүргізетін демократиялық реформаларды студенттерге насихаттау, түсіндіруге көмектесу;

 - мемлекеттің жастарға қатысты жұмыстарына және Студенттерге қатысты ҚР Үкіметі бекіткен заңдарды іске асыруға қатысу және көмектесу;

 - әрбір студенттің жеке өнімді жұмыс  және ғылыми еңбек ұйымдастыруға, жан-жақты дамуына көмек көрсету;

 - студенттерде оқуға деген жауапкершілікті арттыру, қоғамдық  жұмысқа деген қызығушылықтарын қалыптастыру;

 - студенттерді заңға деген құрметке, тәрбиелік нормаларға және студенттер  үйінің ережелеріне бағынуға тәрбиелеу;

 - студенттерде патриоттық сезімдерді, студенттер арасында жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру;

 - студенттерді салауатты өмір салтына және азаматтық тәрбиеге баулу, интеллектуалдық потенциалын дамыту және тереңдету

 - әлеуметтік әділеттік сезімін, дұрыс адамгершілік - психологиялық климатты қалыптастыруға жоғары қажеттілік таныту;

 - кең жариялау және адамгершілік - гуманистік принциптерінің негізінде заң бұзушылыққа, маскунемдікке және басқа да қоғамдық тәртіпке қарсы тұруға тәрбиелеу;

 - колледж әкімшілігіне оқу және тәрбие процестеріне пайдасын тигізетін іс-шаралар өткізуге көмек көрсету.

 

«Студенттік құқықтық кеңес беру» қызметінің көмегі қажет болған жағдайда  206-аудиториясына сағат 10.00-16.00 дейін келіп, кеңес алуларыңызға болады.