Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасының

"Жамбыл политехникалық жоғары колледжі" МКҚК

A- A A+

ГККП "Жамбылский политехнический высший колледж"

управления образования акимата Жамбылской области

Колледж миссиясы: Қоғамның және экономиканың индустриалды-инновациялық дамуының сұраныстарына сәйкес жоғары білімді, бәсекеге қабілетті, құзыретті, кәсіби кадрларды дайындау. Мақсаты: Қоғамның және экономиканың индустриалды-инновациялық дамуының сұраныстарына сәйкес инновациялық тәсілдерді қолдану жолымен білім сапасының жоғары деңгейіне жету.

Құрметті Жамбыл политехникалық колледжінің студенттері!

     Еліміздің техникалық және кәсіптік білім беру саласын дамытудың стратегиялық мақсаты қоғамның және экономиканың индустриялық-инновациялық даму сұраныстарына сәйкес аталған жүйені жаңғырту  болып табылады. Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев халыққа Жолдауында атап көрсеткендей, халықты еңбекпен қамту мәселесін шешу үшін кәсіби техникалық және жоғары білім ең бірінші кезекте ұлттық экономиканың мамандарға деген қазіргі және келешектегі сұранысын барынша өтеуге бағдар ұстауы тиіс. Осы мақсатта отандық өндірістерге қажетті білікті мамандар даярлаумен айналысатын облысымыздың техникалық және кәсіптік білім беру саласында елеулі жұмыстар атқарылуда.

     Жамбыл облысы ұзақ мерзімді жоспар бойынша ел экономикасының дамуына елеулі үлесін қосып келе жатқан аймақ. Көпұлтты өңірде бірлігімен ерекшеленетін жергілікті халықтың да, түрлі салада еңбек етіп жүрген мамандардың да мақсаты – еліміздің жарқын болашағы: дамыған 30 елдің қатарына кіру. Бұл мақсатқа қол жеткізу үшін берілген міндеттерді орындау қажет. Соның бірі -  бәсекелестікке қабілетті мамандар дайындау. Бүгінгі таңда республика көлемінде нарық талабына сай техникалық бағыттағы мамандарды дайындаумен танылған беделді оқу орны - Жамбыл политехникалық колледжі.

     Білім  беру сапасын арттыру мақсатында алдымызда әлі де көптеген жұмыстар атқару керектігін сезінеміз. Және де ұжым оқу процесінің жаңартылуына, басқарушылық міндетіне, оқытушылар мен студенттердің нәтижелі және шығармашылық жұмыстарына барлық жағдай жасауға дайын.  Бұл жаңа міндеттер мен болашағымызды анықтайтын уақыт. Біз дамып, алға ұмтыламыз, колледж қабырғасында ойы ұшқыр және мақсаты айқын  бозбала мен бойжеткендерді  -   Жаңа Қазақстанды өркендетуге қабілеті жоғары, қоғамның сенімді азаматтарын тәрбиелейміз. Біздің өнерлі және белсенді жасөспірімдеріміз және біздің сауатты да ынталы педагогтарымыз колледжге мақтан тұтарлық абырой-атақ әкелді. Жамбыл политехникалық колледжінде қызмет ету – құрмет, білім алу – абырой!
 

Орынбаева Ж.Р. 
Жамбыл политехникалық 
колледжінің директоры